Сарысу ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 300-ге жуық іс-шара өткізілді

0 0

Сарысу ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында екі жыл ішінде 300-ге жуық іс-шара өткізілді. Осы аралық ішінде аталмыш іс-шараларға ауданның 7500-ге жуық халқы қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Екі жыл ішінде зор көлемдегі жұмысты атқарған Сарысу аудандық «Рухани жаңғыру» жобалық офистің еңбегі ерекше. 2017-2018 жылға арналған облыстық реестрге 18 жоба енгізілді. 2018 жылы облыс бойынша аудандар арасында алдыңғы көрсеткішті көрсеткен. Республикалық жыл меценаты сарысулық Жанболат Бекмұсаевқа бұйырды.

Сондай-ақ, аудандар арасында алғаш ақылды аялдама Жаңатас қаласында орнатылды. Жаңатастықтар мен қатар ауылдық округ тұрғындары да рухани жаңғыру аясында қолдарынан келгенше қолдау білдірді. Ал жастардың қолдауымен көптеген қайырымдылық ізгі жұмыстар жалғасын табуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.