Қазақстанда қайтарылмаған несиелер мәселесін қалай шешуге болады?

0 6

Сеулде «Қазақстанда қайтарылмаған несиелер мәселесін қалай шешуге болады?» тақырыбында еліміздің қаржы өкілдеріне арналған семинар өтті, —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Жиынға Ұлттық банк, Қаржы министрлігі және Проблемалық кредиттер қорының өкілдері қатысты. Себебі Оңтүстік Кореяның қайтарылмаған несиелерді шешу бойынша тәжірибесі мол. 1997 жылы Азияда дағдарыс басталған кезде бұл елдегі қаржы ұйымдарының қарызы ішкі жалпы өнімнің 27 пайызына жеткен.

Осыған байланысты үкімет шұғыл шаралар қабылдап, КАМКО бірлестігі 30 коммерциялық банктің мәселелі несиелерін сатып алады. Ал 4 жылдан кейін банк секторындағы өтелмеген несие көлемі 2 пайызға дейін азаяды. Қазір бұл көрсеткіш 1 пайызды ғана құрайды. Өткен жылы Кореяның активтерді басқару жөніндегі бірлестігі мен еліміздің Проблемалы кредиттер қоры арасында келісімге қол қойылған.

Ален Абдалиев, Қазақстандағы проблемалық несиелер қорының директоры:

– Қазақстанда қайтарылмаған несие мөлшері 8 пайызды құрайды. 2011 жылдан бері оның көлемі біршама азайды. Ол кезде өтелмеген кредиттер 30 пайыз болған еді. Оңтүстік Корея – проблемалы кредиттерді шешуде тәжірибесі мол мемлекет. Қазір осы ел бастан кешкен жағдайларды зерттеп жатырмыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.