Жамбылдық спортшылар жеңіспен оралды

0 1

Жамбылдық кикбоксшылар Қостанайда өткен Қазақстан чемпионатында 4 алтын, 2 күміс, 7 қола медальді жеңіп алды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қостанай қаласында жалауын көтерген республикалық кикбоксинг турниріне 14 облыс пен 3 қаладан 300 ден астам спортшы жиналды. 11- салмақ дәрежесінде өткен кездесуде Жамбыл спорт мектебінің түлектері өздерінің шын мықтылығын  дәлелдеп, 13 кикбоксшы түрлі дәрежедегі медальдарды жеңіп алды.

Аталған турирде Нұрислам Сағындықов, Ағабек Ибрагим, Бағдәулет Шамшиддин сынды Жамбылдық жас спортшыларымыз алтын медальді жеңіп алды. Ал, 91 келі салмақта Қазақстан чемпионы болған Бақберген Тоқтасын жарыстың оңай болмағандығын айтады.

Осы жарыстан кейін Жамбыл облыстық құрамасының 4 бірдей спортшысы Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. Олар алда өтетін Азия біріншілігіне дайындық жұмыстарын пысықтайды.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.