«Достық» алаңына ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілетін болады

0 2

Тараз қаласындағы «Достық» алаңына ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі берілетін болады. Бұл маңызды шешім қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында қаралды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Айта кетейік, Президент ретінде халық алдында ант қабылдаған  Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталықтарындағы ірі көшелердің бірін Елбасының атымен атау қажеттігі туралы бастама көтерген болатын. Осыған сәйкес,шаһардағы  Төле би даңғылына ҚР Тұңғыш Президенті есімін  беруді облыстық мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясында бекіткен.

Бірақ, республикалық ономастикалық комиссия Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының әкімшілік орталықтарындағы атау үшін ұсынылған объектілер мен көшелерді анықтай отырып, қайта қарау қажеттігін алға тартқан еді.

Осыған орай  тұрақты комиссия отырысында «Достық» алаңын Нұрсұлтан Назарбаев алаңы деп атау туралы ұсыныс талқыланып, қатысушылар мұны бірауыздан қолдап мақұлдады. Бұл ұсынысты Тараз қалалық әкімдігі мен мәслихаты бірлесіп беріп отыр.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.