Р. Тұрмаханбетова: Түлектер кешіне ақша жинауға тыйым салынған

0 6

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мектеп бітіруші түлектер кешін өткізу үшін ақша жинауға қатаң тыйым салынғанын айтты. Бұл туралы басқарма басшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады, —  деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Әлеуметтік желіде кейбір мектептерде мектеп бітірушілердің ата- аналарынан ақша жинау туралы сұрақтар қойылуда.

Білім басқармасы білім мекемелерінде ата-аналардан ақша жинауға қатаң тиым салынғанын ескертеді!

Бұл туралы оқу жылы басында Білім бөлімдеріне және мектептерге хат жолданған.

Білім мекемелерінде мұғалімдерге және мектепке сыйлық жасау үшін ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салу туралы бұйрық шығарылған.

Бұйрықты әрбір мектеп басшысы мен мұғалімдер орындауға міндетті.

Ақша жинауға жол берген мектеп басшылығына, егер факт дәлелденетін болса, жұмыстан босатуға дейін тиісті шара қолданылатын болады.

Мұндай факт орын алған жағдайда білім басқармасының сенім телефоны (43-88-28) және whatsapp желісіндегі «жедел желі» телефоны (8-747-208-54-66) арқылы xабарласуға болады» — дейді басқарма басшысы жазбасында.

Ar-ay.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.