Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

0 0

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстік таулы аймағында катты жаңбыр жауады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек республиканың солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Кей жерлерінде тұман, жел күшейеді сақталады, оңтүстікте, оңтүстік батыста – найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

«Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында тұман күтіледі», — дейді мамандар.

Айтуларынша, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертен Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.