Таразда «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу жарысы өтті

0 7

Тараздағы «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының» спорт кешенінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Жамбыл облыстық іріктеу жарысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жарысқа аудандар мен Тараз қаласында іріктеу жарыстарынан өткен, 18 жастан жоғары ересектер арасында абсолюттік салмақ дәрежесі спортшылар қатысты. Дүбірлі дода аулыдық, аудандық және олбыстық кезеңдерден тұрды.

Сондай-ақ, жарыстың бірінші кезеңіне 422 балуан қатысты. Аудандық, қалалық іріктеу жарыстарына 118 балуан қатысты. Ал облыстық іріктеу жарысына 22 балуан қатысты.

Бұған қоса, І орын Дәулетхан Жақыпқа бұйырды. Ал ІІ орынды Айбол Айтбек, ІІІ орынды Жамбыл Тұрғыналиев пен Ғалымжан Қырықбаев алды.

Айта кетейік, 2019 жылдың 30 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне І және ІІ орын алған 2 балуан өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.