Көп балалы отбасыларға баспана беру бағдарламасы қашан басталады?

0 2

Көп балалы отбасыларға 2 пайыздық ипотекалық несие беру ісі мамыр айының соңында басталады. Бұл туралы Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылуын бақылау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында, Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА 24.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, оған төрт және одан көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған және құрамы толық емес жанұялар қатыса алады. Себебі бұл отбасылардың табысы жоғары емес. Мысалы 12 миллион теңге қарыз көлемінде алса, алғашқы 8 жылда 60 мың, қалған 11 жылда 44 мың теңге шамасында төлем жасай алады. Бағдарлама аясында аталған отбасылардың берілетін пәтерді таңдауға мүмкіндігі бар. Яғни олар көп қабатты немесе жеке тұрғын үй түріндегі баспананы таңдай алады.

Ләззат Ибрагимова, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы:

– Көп балалы және аз қамтылған отбасылар бұл бағдарламаны асыға күтіп отыр. Себебі осы бағдарламада несие бойынша мөлшерлеме айтарлықтай төмен, яғни жылдық екі пайыз. Осы бағдарлама бойынша бастапқы жарна 10 пайызға дейін төмендетілді. 12 миллион теңге тұратын пәтерді сатып алу үшін салымда 1 млн 200 мың теңге жеткілікті. Бұдан бөлек, бірқатар облыстың, елорда мен Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері тұрғын үй сертификаттарын бөлу ниетін білдіріп отыр. Тұрғын үй сертификаты 1 млн теңге көлемінде болмақ. Ол кезекте тұрған отбасыға беріледі. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.