Байзақта ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

0 1

Өткен сенбі күні, Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер ауылындағы орталық алаңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аудан жұртшылығына ауыл, ауылдық округтердегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өз өнімдерін ұсынды, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жергілікті әкімдіктің тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды азық — түлікпен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған шарада аудан тұрғындарына шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлер өздері өндірген азық-түлік тауарларын базар бағасынан төмен бағамен саудалады. Жәрмеңкеге келушілер жылқы етінің әр келісін — 1 600 теңгеден, сиыр мен қой етінің келісін — 1 450 теңгеден, макарон өнімдерін — 150 теңгеден, балды — 1200 теңгеден, қияр мен қызанақты — 500-650, өсімдік майының литрін — 350, сүттің литрін — 130, ірімшік — 1300, қаймақты -1100, тауық жұмыртқасының он данасын 260 теңгеден, картопты — 65-70, сәбіз бен пияздың келісін — 80 теңгеден сатып алып жатты.

Жәрмеңке барысында аудан тұрғындарына көңіл-күй сыйлау мақсатында, аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Еңбеккерлер ұсынған өнімдер саудаға түсіп, халыққа екі тоннадан астам ет және шұжық өнімдері, бес жүз дана жұмыртқа, тоннаға жуық сүт және сүт өнімдері, екі тонна жеміс-жидектер мен көкөністер, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.