Жамбыл облысында биыл 800 ұстаз электронды қызмет түрімен жұмысқа қабылданған

0 13

Жамбыл облысында биыл 800 ұстаз электронды қызмет түрімен жұмысқа қабылданған, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл туралы «Жамбыл–адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова, облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Ускумбаева, қалалық білім бөлімінің басшысы Мубарак Жинақбаеваның онлайн режимде азаматтарды қабылдауы барысында айтылды.

Сондай-ақ, жиын барысында жалпы облыс бюджеті, соңғы қоңырауға жиналатын ақша, қоғамдық кеңестің жұмысы, біздің облысымыздағы дарынды балалар, 60 мектептің білім беру деңгейі, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар, жөндеу жұмыстарына әр мектепке бөлінетін қаржы төңірегінде сауалдар қойылды.

Қабылдауда облысымыздың бас ұстаздары білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. 

— Ағымдағы жылы облыс мектептеріне 108 млрд. теңге қаржы бөлінген, мұғалімдердің орташа жалақысы 80 мыңнан басталады. Республика бойынша дарынды балалардың жетістігімен 7-ші орында, мектептердің білім деңгейі 10-сыныпқа дейін республика бойынша І-ші орында болса, 11-сынып бойынша ІІІ-ші орында, — деді Рахия Сейтбекқызы.

Тағы бір жаңалық. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында білім саласында 37 мемлекеттік қызмет түрлері болса, оның 7 түрімен қызмет көрсетіп, «Жалпы орта білім беру ұйымдарына балаларды оқуға қабылдау», «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына тасымалдау», «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушыларға тамақтандыруды ұсыну», «Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін жолдама беру», «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін балаларды кезекке қою», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында балалардың ауысуы» қызмет түрлерін www.eduschool.kz және www.edugarden.kz интернет ресурстары арқылы электронды түрде алуға болады. Ал қалған 21 қызмет түрін маусым айына дейін аяқтап, 2020 жылға дейін қалған 9 мемлекеттік қызмет түрімен жұмыс жасайтын болады. 

Сонымен бірге, кездесуде сала мамандары биылғы жылы өңірде 800 мұғалім электронды қызмет түрінде жұмысқа орналасқанын, жыл басынан бері мектептегі ақша жинау жұмыстарына тоқтау салып жатқандарын, ол жайында арнайы парақшалар таратып, мектепке ілгендерін, жылына әр мектепке 300-600 мың теңге жөндеу жұмыстарына бөлінетінін, мектеп бітіруші түлектердің 12 маусымда мектеп ішінде салтанатты түрде аттестаттары табысталатына, қоғамдық кеңестің қоғамдағы маңызы және Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандарында қоғамдық кеңес мүшелері көптеген игі істердің басында жүргендерін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.