Ауа райы: Алдағы күндері елімізде күн жылынады

0 0

Синоптиктер 4-6 мамырдағы ауа райына қатысты болжамын жария етті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

«Қазақстанға келген антициклон еліміздің көптеген облыстарында жауын-шашын мен күннің суытуын тоқтатты. Алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі», — делінген хабарламада.

6 мамырда күндізгі ауа температурасы кей жерлерде плюс 23-28°С, оңтүстік және орталықта плюс 27-32°С дейін көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста алдағы үш тәулікте әлі де суық атмосфералық ағынның ықпалы сақталады, сондықтан кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді. Жауын-шашын тоқтағанда өңірде күн көктемгідей тез жылынады. Ал батыс облыстарда Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймағынан атмосфералық ағындардың жылжуына байланысты найзағайлы жаңбыр жауады және нөсер кезінде дауылды жел соғады деп күтіледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.