Облыста «Бастау-Бизнес» бағдарламасы аясында биыл 1200 адамды оқыту жоспарлануда

0 1

Жамбыл облысында өткен жылы «Бастау-Бизнес» бағдарламасы аясында 1745 адам кәсіп ашудың қыр-сырын үйренсе, биылғы жылы 1200 адамды оқыту жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында өткен брифингте айтылды, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Баспасөз конференциясына Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Аманов, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жанел  Ілиясова, «Атамекен-Тараз» ЖШС микроқаржы ұйымының директоры Самат Қосалиев, «Казагрогарант» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры  Әділет Қалабаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Ахмедияр Айтбаев және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл облыстық филиалы несие бөлімінің басшысы Бауыржан Тәжібаев  қатысты.

Спикерлер өңірдегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сала мамандары Бағдарламаға  сәйкес, 2018 жылы облыста бағдарламаның екінші бағыты бойынша 1003 адам шағын несие алып, өзін-өзі жұмыспен қамтып, бөлінген   4 111,0 млн. теңге несие қаржаты 100% игерілді. Ағымдағы жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша 4 111,0 млн. теңге (РБ) бөлініп, 1020 адамға несие беру жоспарлануда. Бүгінгі күні бағдарламаға бөлінген шағын несие қаражаты қаржы институттарына толығымен берілді. Атап айтқанда,  «Ауыл шаруашылығын қаржылай  қолдау қоры» АҚ –на  2 млрд.  466,6  млн. теңгесі және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалына 1 644,4  млн. теңгесі. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы қосымша республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге қарастырылып отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауында «Еңбек нарығы тиімділігін қамтамасыз етудің, әрбір адамға өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасау маңызды. Экономикалық өсу резерві өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар болып табылатынын ескеру қажет» — деп атап өткен болатын. Осы орайда, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады.

Сондай-ақ, брифинг барысында Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы мен облыстағы қаржы институттарының өкілдері «Еңбек» бағдарламасы аясында берілетін қаржы тетіктері мен шағын несие алуға қажетті құжаттар бойынша ақпарларымен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.