Облыста биыл 2 175 адамды пәтермен қамту жоспарланып отыр

0 7

Жамбыл облысында үстіміздегі жылы бюджет есебінен 2 175 адамды пәтермен қамту көзделген. Оның ішінде кредиттік 1460 пәтерлі 21 үй, арендалық 526 пәтерлі 7 үй және 187 пәтер кезектегі көпбалалы отбасыларына сатып алу жоспарланған. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Сонымен қатар, 1 704 гектар тұрғын үй алқабы (8272 участок) инженерлік –коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылатын болады.

Тағы бір жаңалық. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысандарына барлығы 16,7 миллирад теңге қаралды. Бұл қаржы есебінен 30 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы мен 14 инженерлік инфрақұрылым жобаларын іске асыру жоспарланған. Атап айтар болсақ, 2019 жылы 27 көппәтерлі тұрғын үй тапсырылуы тиіс болса, 3-еуі 2020 жылға өтпелі.

Айта кетейік, облыс бойынша 2019 жылға бекітілген тұрғын үй құрылысының жоспары — 465,4 мың шаршы метрді құрайды. Оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлер – 140 241 шаршы метр, жеке тұрғын үйлер – 325 153 шаршы метр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.