Сарысу ауданында жаңа мешіт ашылды

0 4

Сарысу ауданы Ұзақбай Сыздықбай ауылында облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров пен жас кәсіпкерлердің қолдауымен мешіт ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мешіттің ашылу салтанатында құран оқытылып, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек құттықтау сөз сөйлеп, демеушілер мен бірқатар қонақтарға сый-сияпат көрсетті.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық Һибатулла Тарази мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл, Қатар қайырымдылық қорының жетекшісі Абжалил Шалбай, Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев, ардагер Құдайберді Әбіловтер жиналғандарды келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтап,кәсіпкерлерге игілікті ісі үшін алғыс айтты.

«Кәсіпкерлер бірінші Алланың, сосын ауылдастарының алдындағы парызын өтеу үшін өз қаражаттарын жұмсады. Қайырымдылық таныта отырып, ауыл адамдарының тілегін орындады. Бұл нысандар білім алуға, Отанды сүюге тәрбиелесе деген басты мақсатымыз бар», – дейді ауыл ақсақалдары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.