Елеусінов пен Головкин бір кеште жұдырықтасады

0 3

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Усик — Такама жекпе-жегінің андеркартында жекпе-жек өткізбейді. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Отандасымыздың 25 мамырда АҚШ-та өтуі қажет болған жекпе-жегі кейінгі шегерілді.

«Даниярдың жекпе-жегінің өтетін күнін 25 мамырдан 8 маусымға — Геннадий Головкиннің кешіне ауыстыруды жөн көрдік. Айқас 10 раундтан тұрады, ал оның қарсыласын жақында жариялаймыз», — деді Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев.

Айта кетейік, 8 маусымда орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Нью-Йоркте жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) кездеседі.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.