Облыс әкімі Асқар Мырзаxметов футболдан облыс чемпионатына арнайы қатысты

0 2

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен футболдан әуесқойлар арасында облыс чемпионатының ашылу салтанаты өтті, — деп жазады «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тараз» орталық стадионында бастау алған салтанатты шараға өңір басшысы Асқар Исабекұлы арнайы қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

Чемпионатқа облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласынан барлығы 18 команда, 300-ден аса спортшы қатысуда. Дода екі кезеңде, яғни, топтық жүйе бойынша өтпек. Топтық ойындар айналмалы түрде өрбитін болады. Жарыс мерзімі мамыр-қыркүйек айларын қамтиды деп күтілуде. Бес айға созылар бәсекенің негізгі мақсаты – облыста футболды дамыту, әуесқойлар арасында өңір үздіктерін анықтау, оларға қолдау білдіру. Негізгі ұйымдастырушысы – облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Айта кетейік, чемпионаттың жүлде қоры қомақты. Тартысты ойында жеңімпаз атанып, бірінші орын иеленген команда 3 миллион теңгені қанжығасына байлайды. Ал, екінші орынға 2 миллион теңге, үшінші орынды жеңіп алған командаға 1 миллион теңге қаржылай жүлде беріледі.

Ұйымдастырушылар бұл игі шараны жылда дәстүрлі түрде өткізуді жоспарға қойып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.