«Жамбыл — адалдық алаңы» жобасы аясында облыста жолаушылар көліктері тексерілді

0 5

Облыстық жергілікті полиция қызметі, Мемлекеттік кірістер басқармасы, медицина өкілдері және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары бірігіп Байзақ ауданы Ақшолақ ауылының бойында «Алматы-Ташкент-Термез» автожолында жолаушы тасымалдаушыларға рейдтік-профилактика өткізді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Сонымен қатар, іс-шараның жүргізілуін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл-адалдық алаңы» жобасының қызметкерлері және БАҚ өкілдері бақылап кайтты.

Жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз мақсатында өткен іс-шарада облысаралық бағыттардағы 60-тан астам автобус пен шағын автобустардың құжаттары тексеріліп, анықталған заңсыздықтар бойынша 8 хаттама толтырылып, 2 автобус айып тұрағына қойылып, 30-дан астам жолаушы тасымалдауымен айналысатын тұлғаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта да жоба қызметкерлері жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірге рейдтік іс-шараларға шығады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.