Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

0 0

Мамандар 2019 жылдың 9-13 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  Қазгидрометке сілтеме жасап.

Антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары 9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Алдағы үш тәулікте де республика аймағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Батыс облыстарында күндіз ауа температурасы плюс 30-38 градусқа дейін жоғарылап, найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі

«Мамандардың айтуынша, оңтүстік және орталық аймақтарда да жылы және жауын-шашынсыз. Аптаның соңында суық атмосфералық фронт және Карск теңізінде қалыптасқан антициклонмен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі», — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.