Ғалымжан Мелдешов Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды

0 2

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.  

Ғалымжан Мелдешов 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Түрлі жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген: «Түркістан» халықаралық газетінде, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Маңғыстау Медиа» ЖШС-де басшылық қызметтерді атқарған.

2016-2018 жылдары Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 2018 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР МСМ Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

Дереккөз: tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.