Сайлау 2019: Жамбыл облысында 3750 комиссия мүшесі жұмыс істейді

0 4

Таразда кезектен тыс президенттік сайлауға дайындық шаралары қызу жүріп жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Облыста 484 сайлау учаскесі бар. Олардың шекарасы, сайлау комиссиясының құрамы нақтыланды. Жалпы науқан кезінде 3750 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Қазір оларға қызметтік міндеттері түсіндіріліп, арнайы оқытылып жатыр. Кандидаттардың штабы да құрылған.

Серғали Айдапкелов, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды сайлауға қатыстыру мәселесі бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр. Барлық сайлау учаскелерінде бір-бір кабина және де сайлауға келіп қатыса алмайтын азаматтарға ауыспалы урналар, яғни барып дауыс беру мәселесі ұйымдастырылуда. Бұл туралы қазір техникалық тұрғыда мәселелер шешілді деп айта аламыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.