Күліп жүрудің сіз білмейтін 7 пайдасы

0 16

Ғалымдардың медицина саласындағы ізденістері адамзат баласының назар аудартып келеді. Сырқаттардың мінез-құлқын, көңіл-күйін зерттеу кезінде дәрігерлер күлкінің де ем болатынын анықтап отыр. 

Күлкіні біз тек адам көңіл-күйінің сыртқы бейнесі ретінде білеміз. Бірақ, оның денсаулыққа тигізер пайдасы көп екенін біле бермейміз.

1. Адам күлген кезде беттегі ет талшықтары демалады.

2. Бір нәрсеге ашуланып болмаса, қатты ренжіген уақытта 43 бұлшық ет жиырылып түйілсе, күлген сәтте оның 17-ы ғана жиырылады.

3. Күлкі адам миының сол жақ жартысының жұмысын жақсартады. Осы мезеттегі биохимииялық процестер күйзеліске түсіретін гормондардың пайда болуына жол бермейді.

4. Қатты күлгенде қанда иендорфин пайда болып, ауырған жеріңнің сыздағанын басып тастайды. ал мұның өзі адамды ентікпеден, бастың сақинасы мен жауырын құрысуын әлсіретіп, емдеуге көмегін тигізеді.

5. Күлкі бетке массаж жасап, тынысты кеңейтеді.

6. Шын күлген сәтте қан тамыры кеңейіп, жұмысы жақсара түседі.

7. 5 минуттық риясыз күлкі 40 минуттық жақсы демалыспен тең.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.