«Birge» жалпыұлттық акциясы өз жұмысын бастады

0 0

Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына ұсыныстар мен тың идеялар жинау үшін «BIRGE» жалпыұлттық акциясы өз жұмысын бастады. Бұл туралы Жамбыл облыстық қоғамдық штабында өткен арнайы брифингте облыстық штаб төрағасы Шәбден Тілеумұрат мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Акция Жамбыл облысында да үлкен қарқынмен жүргізілетін болады. Сондай-ақ, акция аясында еліміздің әр азаматы жергілікті жердегі қоғамдық штабтарға келіп өз пікірлерін білдіре алады. Арнайы әзірленген парақшаны сенімді өкілдер мен белсенділер сайлаушылармен кездесу барысында, өңірлік штабтар жүзеге асыратын «Есіктен есікке» үгіт науқаны кезінде тұрғындарға таратып, жинақтайтын болады.

Сонымен қатар, тұрғындардың тілектері мен ұсыныстарын штабтардың қоғамдық қабылдау бөлмелеріне, арнайы ашылған сайтқа да жазып, ашық ой-пікірлерін қалдыруларына мүмкіндіктері бар. Өз кезегінде  Шәбден Тілеумұрат бұл – еліміздің даму жолында әр қазақстандыққа беріліп отырған үлкен мүмкіндік екенін айтып, белсенді түрде ұсыныстар айтуға шақырды.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.