Жамбыл ауданында жалпы көлемі 1 млрд. 067 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді

0 8

2019 жылдың 3 айында жалпы көлемі 1 млрд. 067 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,1%-ды құрады. Ағымдағы  жылдың 3 айында жалпы алаңы 13 661 шаршы метрді құрайтын 104 жеке меншік тұрғын үй қабылданды. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Жамбыл ауданының әкімі Бақыт Қазанбасовтың қатысуымен өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

2019 жылдың 3 айында бөлшек сауда тауар айналымы 1 млрд. 527,9 млн. теңге немесе 184% болды. Ал көтерме сауда айналымының көлемі 3 млрд. 020,8 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 58,2% болды.

Аудан бойынша салықтық түсімдердің орындалуы 107,9%-ды құрады. Оның ішінде аудандық бюджет 33,5 млн. теңгеге артық орындалды. Сондай-ақ,  бюджеттің игерілуі 99,9%-ды құрап отыр.

«Жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға жетті. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың орта есеппен жан басына шаққанда 25 049 теңгені құрады. Осы жылдың 3 айында кешенді жоспар бойынша 564 адам жұмыспен қамтылған. Яғни, 201 адам тұрақты жұмысқа, 73 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 144 адам жастар тәжірибесі бойынша, 146 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды», — деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, жұмыспен қамту бөліміне 709 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның 564-і қамтылған. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі – 79,5%-ды құрады.

Әкімнің айтуынша, 514 отбасының 2789 мүшесіне 43 225,6 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және 2018 жылдан өтпелі соманы қоса алғанда 112 912,4 мың теңге төленген.

Бұған қоса, 2019 жылға мүмкіндігі шектеулі 41 азаматты жұмыспен қамту жоспарда. Қазіргі таңда 14 азамат жұмыспен қамтылған. Оның ішінде «Жастар практикасы» арқылы 1 адам, 3 адам ақылы қоғамдық жұмысқа және 2 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алды, 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.