Жуалы ауданының бюджеті 99,5 %-ға игерілді

0 7

Жуалы ауданы бюджетінің шығысы бойынша 3 айдағы жоспарда тұрған қаржы 99,5 %-ға игерілді. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Нарбай Әбілқасымұлының сөзінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 116 мекемедегі 3164 бюджеттік мекеме қызметкерлерінің, Жеке секторда 581 жұмыскерінің жалақылары (28 284 теңгеден 42 426 теңгеге дейін) өсті.

Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 4 кәсіпкер 80,422 млн. теңге көлемінде несие алып, 12 жаңа жұмыс орнын ашты.

Брифинг барысында аудан басшысы 2019 жылдың І-тоқсанының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму және индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында құны 8 млрд. 961 млн. теңгені құрайтын 7 кәсіпкерлік нысанды іске қосуды (135 жаңа жұмыс орнын ашуды) жоспарлап отырмыз. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында 703,5 млн. теңгені құрады (2018 жылы 3 073,4 млн. теңге), 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,3 пайызға орындалды. 2019 жылдың қаңтар – наурыз айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 606,6 млн. теңгені құрап, (2018 жылы 173,0 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 339,1 % пайызға орындалды. Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы алаңы – 2 782 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 117,9 пайызға орындалып отыр», — деді Ол.

Ал ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 2 млрд. 699,2 млн. теңгені құрады (оның ішінде мал шарушылығы өнімі 2 699,2 млн. теңге), (2018 жылдың 3 айында 2 460,9 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 103,4 пайызды құрады.

Бүгінде Жуалы ауданында бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1 750,1 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2018 жылы 1 223,1 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 103,1 пайызды құрады.

Сонымен бірге, 2019 жылы аудандық маңызы бар 4,46 шақырым автомобиль жолдарына 75 919,0 мың теңге қаржы бөлініп, орта жөндеуден өткізіледі. Аудандық жергілікті салықтарының жоспары 321 126,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 365 052,3 мың теңге орындалуы 113,7 пайыз.

Нәтижесінде, аудан бюджетінің орындалуы кіріс бөлігі бойынша жоспарланған 2 266 907,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырған соммасы 2 312 580,0 мың теңгені құрап, 102,0 %-ға орындалды. Ал аудан бюджетінің шығыс бөлігі бойынша жоспардағы 2 266 917,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 2 255 634,9 мың теңге, орындалуы 99,5 %-ды көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.