Жамбылдық мұғалімдер жүлдегер атанды

0 9

Ағымдағы жылдың 13 — 15 мамыр аралығында Қызылорда қаласында алғаш рет математика пәні мұғалімдері арасында академик Асқар Жұмаділдаев атындағы халықаралық олимпиада өтті. Аталған жарысқа Жамбыл облысынан 6 математика пәні мұғалімі қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ, 18-35 жас аралығындағы педагогтар қатысқан байқауда үміткерлер байқау ережесі бойынша 7 есеп шығарды.

Байқау нәтижесінде Тараз қаласындағы №49 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Айбек Муратбаев жүлделі II орынды жеңіп алса, облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Жомарт Рысбаев III орынды иеленді.

Сонымен қатар, Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының мұғалімі Бауыржан Кеңесов және облыстық Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының мұғалімі Жаңагүл Киікбаева Алғыс хаттармен марапатталды.

Педагогтарды жеңісімен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.