Жамбыл облысы экономикасының барлық салаларында оң динамика қалыптасып отыр

0
31

Осы жылдың қаңтар – сәуір айларының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 102,1 пайызды  құрап, 154 095,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Облыс экономикасында барлық салаларында оң динамика қалыптасып отыр. Өткен жылғы алдын ала деректер бойынша Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімінің өсімі 3,7 пайызды көрсеткен. Яғни, 1417,5 млрд теңгені құраған.

Қазақстан Республикасының жалпы өңірлік өнімдегі Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімінің үлес салмағы 2,4 пайыз болған.

Сондай-ақ, жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өнеркәсіп үлесі 17,9%, ауыл шаруашылығы 10,2%, құрылыс 8%, сауда 9,9%, көлік 18,2%, байланыс 0,7%, жылжымайтын мүлік пен жасалатын операциялар және білім 7,5% салымдарының өсімі байқалады.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор үстіміздегі жылдың 3 ай қорытындысымен 102,1 пайызды құрап отыр.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here