Жамбыл облысында 199 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

0 6

Облыста 373 ауылдық елді мекеннің 199-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, 171 ауыл орталықтандырылмаған сумен қамтылып, 3 ауыл тасымал сумен қамтылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

2021 жылы Тараз және Шу қалаларының тұрғындарын толықтай орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланған. Қала және аудан басшылары қамтылмаған алқабтарға жобалар әзірлеп, осы нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыстарды ұйымдастырулары қажет.

Қазіргі кезде сараптама қарауындағы Шу қаласының 7 мыңнан астам халық тұратын «Қосқұдық» алқабының су беру жүйелері жобасына оң қорытындыны алу қажет, құны шамамен 300,0 млн.теңге құрап отыр. Осы жоба іске асырылған жағдайда Шу қаласы тұрғындарының 77% орталықтандырылғн ауыз сумен қамтылады.

Сонымен қатар, өткен жылы аудандардағы 19 нысанның құрылысы және 13 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуіне бюджеттен 8,6 млрд.теңге бөлінген. Оның ішінде 17 нысанның құрылысына РБ-тен 7,5 млрд.теңге, 2 нысанның құрылысына және 13 жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 1,1 млрд.теңге қарастырылған.

«2018 жоспарланған ауыз сумен қамтуға 10 нысан пайдалануға берілді. Олар Жамбыл ауданы – Пригородное және Тоғызтарау ауылдары, Қордай ауданы — Аухатты ауылы, Талас ауданы — Қызыләуіт, Байзақ ауданы — Кенес, Абай, Мырзатай, Тегістік ауылдары. Т.Рысқұлов ауданы- Луговое, Шу ауданы — Қонаев ауылы», — дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған 199 елді мекеннің тұрғындар саны 362 729 адам, оның 144 ауылында халық ауыз суды тәулігімен пайдалануда, ал 55 ауылында кестемен беріледі. Былтыр 65 ауыл суды кестемен пайдаланған болатын, оның ішінде 9-12 сағаттан суды 19 ауыл пайдаланған болса, қазір 55 ауылдың 27 ауылы 12 сағаттан пайдалауда. Бұл жұмыстар ары қарай жалғаса береді.

Жақында 2019-2021 жылдары қаржыландыру мақсатында Сарыкемер ауылының сумен қамту жүйелері жобасы бойынша, құны 3,8 млрд.теңге, Сарысу ауданының Игілік және Өндіріс ауылдары, Талас ауданы Майтобе ауылы, Мойынқұм ауылының Қылышбай ауылы сумен қамту жүйелері құрылысы жобаларына бюджеттік өтінім ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тапсырылып, 2019 жылы жұмыстарды бастауға 4 ауылға 723,5 млн. теңге бөлінген.

Сонымен қатар Тараз қаласының 1 жобасына қосымша 947,6 млн.теңге республикалық бюджеттен бөлінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.