Тараз қаласында тәуелсіз бақылаушыларға арналған тренинг өткізіледі

0 6

Тараз қаласында «Аманат» сайлауға бақылау жүргізу жөніндегі ұлттық қоғамдық платформасы аясында тәуелсіз бақылаушыларға арналған тренинг өткізіледі.  Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында  «Аманат» азаматтық платформасында бірінші бағыттың кураторы, танымал қоғам қайраткері Мұсағали Дуамбеков, «Аманат» азаматтық платформасының Жамбыл облысы штабының төрайымы Парида Мамедова және «Аманат» азаматтық платформасының мобильді капитаны Дәурен Бағжановтың қатысуымен өткен  баспасөз конференциясында айтылды, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Семинардың модулі халықаралық талаптарға және тәжірибеге сәйкес, соның негізінде тренингке қатысушылар өзге аймақтарда бақылаушы міндеттері жөнінде дәріс беруіне болады.

Тренингтің мақсаты – сайлау туралы құқықтық талаптарға сәйкес ақпарат беру, сайлаушылар мен бақылаушылардың міндеттерін құқықтық негізде түсіндіру, жергілікті сайлау комиссиясымен өзара бірлескен іс-қимылдар жасауға үйрету болып табылады. ОСК, кандидаттың сайлау штаб-пәтері және өзге де сайлауға қатысты аймақтарда заң бұзу фактілері тіркелсе, онда бірден қандай әрекеттер жасау керектігі туралы кеңестер беріледі.

Семинарды «Аманат» азаматтық платформасында бірінші бағыттың («Теңдік») кураторы, танымал қоғам қайраткері Мусағали Дуамбеков жүргізеді.

Іс шара алдында «Аманат» азаматтық платформасының ресми таныстырылымы өтеді. «Аманат» азаматтық платформасында бесінші бағыт бойынша оқыту бағыты енгізілген.

Атап айтқанда теңдік бұл қоғамдық мониторинг жүргізу кезеңдеріне бағытталған.

Сондай-ақ саналы таңдау, бұл басты бағыттың бірі. Сайлау мерзімі мен кезеңі және заңдық процестер туралы сайлаушыларға түсіндіру. Сонымен қатар әділдік әлеуметтік желіде әрбір сайлау бөлімшесі бойынша тәуелсіз бақылау жүргізіліп, оның барысы жарияланып тұруы қажет.

Ал келісімге келсек сайлау жөнінде барынша ашық ақпарат беруге бағытталған, бұл журналистер, сарапшылар және бұқара пікіріне тікелей қатысты;

Бұған қоса сенім  бағыты бойынша мемлекет пен қоғамның сенімді жүйеде бірлесіп жұмыс істеуіне негізделген.

Бұл бағаттардың барлығы бойынша халықаралық ұйымдар, ОСК, жергілікті сайлау комиссиясы, Жоғарғы Сот, жергілікті атқарушы орган, Бас Прокуратура, кандидаттардың сайлауалды штабы, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтық және ғылыми-сараптамалық орталықтар өкілдермен әріптестік орнатылмақ.

Барлық қатысушыға «Аманат» азаматтық платформасында дайындалған «Бақылаушы блокноты» берілетін болады. Сертификаттар тапсырылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.