Тараз қаласында «Көне тараз шеберлерінің қалашығы» атты жоба өтеді

0 2

Үстіміздегі жылдың мамыр айының 18 күні сағат 10:00 де Тараз қаласындағы «Ортағасырлық төрткүл сарай кешенінде» этно жобаның елге таныстырылымы өтеді, -деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қызыққа толы ауыл өмірі мен дала дүбірін XXI ғасырға қайта әкелу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Көне Тараз шеберлерінің қалашығы» этно жобасы қолға алынды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ ауылы» этно-жобасын құрудың басты мақсаты — көне Тараз дәстүрін, көшпенділердің бірегей, жарқын және айқын мәдениетін, өткен тарихын жаңғырту. Ұлттық-мәдени кешен қонақтарды қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен, өнерімен және салт-дәстүрімен таныстырады. Кешенде кез келген адам көшпенділер өркениетінің этно мәдени ортасын сезіне алады және ауылдың күнделікті, мерекелік өміріне көз жүгіртуге толығымен ие болады.

Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивальдері, қолөнер шеберлерінің мастер-класстары, ұлттық тағамдар, қолөнер және көркем өнер көрмелері, этникалық музыкалық фестивальдар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және басқа да іс-шаралар өтеді.

Айта кетейік, этножоба халыққа 6 ай көлемінде қызмет етеді. Аптаның демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жанұяңызбен көне ауыл өмірі мен қазақ ұлттық өнерін көруге мол мүмкіндігіңіз бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.