Президенттікке үміткер шетелдік бақылаушылар тобының басшысымен кездесті

0 0

Республикалық штаб жетекшісі мен Президенттікке үміткер шетелдік бақылаушылар тобының басшысымен кездесті,- деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі ҚКХП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚКХП ОК хатшысы, Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының-республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Айқын Қоңыров пен партия атынан ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс Президент сайлауын бақылаушылар тобының басшысы Урсула Гацек және саяси сұрақтар бойынша маман Зарона Исмаиловамен кездесті.

Тараптар республикалық , өңірлік сайлауалды штабтардың қызметі, үміткердің мүмкіндігі, әділетті сайлау, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жайлы пікір алмасып, ой бөлісті.

«Республикалық сайлауалды штаб және өңірлердегі сайлауалды штабтар міндетін мінсіз атқарып отыр. Үгіт-насихат жұмыстары тиісінше жүріп жатыр», – деді шетелдік бақылаушыларға А.Қоңыров.

Өз кезегінде Президент сайлауын бақылаушылар тобының өкілдері ҚКХП кандидатының құқықтары шектеліп жатқан жоқ па? деген сауал қойды. Бұған Ж.АХметбеков: «Нақты заң бұзушылық , тосқауыл мен кедергі қойылып жатқан жоқ. Дегенмен біздің партияның билік партиясына қарсылас екенін естен шығармау керек», – деп жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.