Таразда «Мәміле» клубының отырысы өтті

0 2

Таразда облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлескен «Мәміле» клубының отырысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қатысушылар диалог алаңында «Мінез – характер, Ырымшыл – суеверный, Білімді – знающий, Сегіз қырлы – многосторонний» тақырыптарында әңгіме өрбітті.

Сондай-ақ, ТарМПУ-дың қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д. профессор Тұрсынай Әбдіқадырова, «Айқын» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Ерман Абдиев этнос жастарына өз ойларымен бөлісті.

Айта кетейік, бұл клуб — тілді үйренгісі келетіндер мен оған көмек көрсететін, сондай-ақ тілді меңгерген еріктілерге арналған диалог алаңы болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.