Қазақстанда «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды

0 8

Қазақстанда «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды. 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары акцияға қатыса алады,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және  беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектері қатысады.

Жобаның мақсаты — азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

Сондай-ақ, «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның жасы 18-ден жоғары азаматтары қатыса алады. Чек туралы мәліметтерді тіркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store, Google Play market-те қолжетімді.

Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады. Айта кетейік, жоба барысында қатысушылар арасында күн сайын 100 смартфон ойнатылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.