Жамбыл облысында «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасына дайындық жүргізілуде

0 0

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап жыл сайынғы «Көкнар-2019» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталады, — деп хабарлайды  “ZhambylNews” АА  облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол жабайы өсетін есірткі өсімдіктерінің заңсыз егістіктері мен аумақтарын анықтауға және жоюға, есірткінің заңсыз таралуына қатысы бар тұлғаларды ұстауға және есірткі арналарының жолын кесуге бағытталған.

«Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Махамбет Абисатов Жамбыл облысының Шу қаласына жұмыс сапарымен келді. Махамбет Қайыржанұлы Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Қалметовпен бірге Полиция департаментінің «Дельта-Долина» есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңіраралық бөлімінде болып, бөлімнің жеке құрамымен танысты, сондай-ақ қызметкерлер қолданатын техникалық құралдар мен жабдықтарды қарап, нақты ұсыныстар берді.

— Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру және облыс аумағынан тыс жерлерге есірткіні шығаруға жол бермеу үшін іс-шараны жүргізу кезеңінде қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталған жедел-іздестіру топтары пайдаланылатын болады, — деп атап өтті Махамбет Қайыржанұлы.

Арнайы іс-шараларды өткізу үшін шалғай әрі жетуге жолы қиын аудандарда авиатехниканы қолдану қарастырылатын болады, сонымен қатар құмға жақын аймақтарда арнайы мақсаттағы бөліністер мен қызметтік иттердің қатысуымен патрульдеуді жүзеге асыру үшін жоғары өтімділігі бар автокөліктер пайдаланылады.

Бұдан кейін М. Әбисатов республикалық нұсқамалық кеңеске қатысып, Қазақстанның барлық өңірлерінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармаларының ағымдағы жылдың төрт айындағы атқарған қызметінің қорытындысын тыңдады. Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.