Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына қатысады

0 0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл туралы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 29 мамырда Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысына қатысады» деп жазды ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Дереккөз: 24.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.