Рухани жаңғыру-қоғамдағы барлық саланы қамтиды

0 4

Рухани жаңғыру- қоғамдағы барлық саланы қамтиды. Бұл-шын мәнінде ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Ол қоғамдағы барлық саланы қамтитындығымен бірігей саналады. Сондықтан оны қазіргі кезеңдегі ұзақмерзімді перспективалы қазақстандық қоғам дамуының өзіндік идеологиялық платформасы деуге болады.

Қоғамдық сананың жаңаруы ортақ әлеуметтік кеңстікте өмір сүріп жатқан халықтың қажеттіліктерімен тікелей байланысты жүретіні белгілі . Ал Қазақсатн азаматтарының қоғамдық сананың мазмұны олардың мүдделерімен,идеяларымен,құндылықтарымен үндес. Ол мәдениет, мінез-құлық тәжірибесі, салт-дәстүроса алғандағы рухани негіздерге арқа сүйейді. Тараз қаласында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Болашаққа бағдар:рухан жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің басшылығымен қарқынды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ: «Атамекен», « Тәрбие және білім», «Рухан қазына», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары мен «100 жаңа кітап», «Туған жер», «Қазақстан киелі жерлерінің географиясы», «100 жаңа есім» арнайы жобалары бойынша ауқымды бастамалар қолға аланғын. Қазақ тілін латын әліпбиі негізіндегі графикаға көшіру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Жалпы, 25 жобаны іске асыруға 2 млрд 472млн 750 мың теңге қаржы жұмсауды қажет. Былтыр қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 9 жобаға 321млн 600 мың теңге бөлді.

Ал облыстық жобалық офиске «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 2 жоба ұсынылды. Олардың жалпы құны 374 миллион теңгені құрайды. Аталған жобалар демеушілердің көмегімен жүзеге асырылды. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер Арман Жұмабаев темір жол бекеті маңындағы скверді абаттандыруға 150,0 млн теңгеге көмек көрсетіп, «Арайстроймаркет» ЖШС-нің директоры Арман Еділбаев «Атшабар» скверінің құрылысына 224,0 млн.теңге жұмсады. Сонымен қатар « Бір сәби-бір ағаш» жобасы бойынша былтыр жаңадан туылған сәбилердің ата-аналары 500 түп ағаш отырғызса, биыл жалпы қалада 6200 түп шыбық тігіп,қала жасыл желекке малына түсті. Мұның бәрі көне шаһарды көркейте түскен игі шаралар десек,артық айтпаймыз.

Бағдарламаның «Туған жер» жобасының ерекшелігі- оны жүзеге асыруға өңірлерді де белсенді тартуда болып тұр. Облыстар шағын қалалар, аудан,қала берді әрбір елді мекенді көрсейтуге ұмтылуда. Бұл ретте кәсіпкердің, мецанаттардың азаматтық белсенділігі бізе көп көмегін тигізіп отырғанын айтқан жөн. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік арқылы көрсетілетін патриотизм-ұлттық-генетикалық кодтың негізі.

Былтыр осы «Туған жер» жобасы аясында Қазақстан Республикасының спорт шебері, әйелдер арасында бокстан кәсіпқой Әлем чемпионы Фируза Шарипова өз бастамасымен Жолдыбаевтар жанұясына (жанұясында екі мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған тәрбиелеп отыр) автокөлік табыс етті. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту

мақсатында «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы С.Дөненбаевтың демеушілігімен шаһарда «Ғибрат» орталығы ашылды.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай осы игі бастамалардың жалғасы ретінде «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Арман Еділбаев, «Альтаис групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әлімбек Жұмабаев Тараз қаласының Тұрғановтардың, Әбілбашировтердің отбасына пәтер кілттерін табыс етті.

2017 жылы «Казфосфат» ЖШС-нің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров өз қаражатына «Мыңбұлақ» мөлтекауданында әмбебап заманауи спорттық алаңшасын салып берді. Спорттық алаңшада бір мезгілде 25 бала спорттың волейбол, баскетбол, шағын футбол ойнауға мүмкіндік алды. Мұндай игі бастамаларға үн қосып жүретін мецанаттар қатарында қалалық мәслихаттың депутаты Руслан Канда бар. Ол «Самал» шағын ауданында 25 және 30 үйлердің ауласына бейнекамераларды орнатып берді.

Ал Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов 12 талапкерге оның ішінде Тараз футбол клубының қосалқы құрамының 9 футболшысына, 3 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін оқу грантын тағайындады.

Бұдан өзге «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы» жеке кәсіпкер Сейітхан Жошыбаев 7638,0 млн теңгеге 3800 тұрғынды тегін дәрігерлік тексеруден өткізсе, «Жасұлан и К» ЖШГ-нің директоры Ж.Омарова аз қамтамасыз етілген бір отбасының баласының жоғары оқу орындағы 5 жылдық оқу ақысын төлеп берді.

Біздің арамызда мұқтаж жандарға қолұшын созып, көмек көрсетіп тұратын нағыз азаматтар баршылық. Былтыр тамыз айында қалалық мәдениет үйінде «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты атанып, салтанатты жағдайда марапаталды. Осы жиында «Батыл жүрек» аталымын қалалық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің жол қауіпсіздігі полициясының аға лейтенанты Самат Алашев, әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізген, қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жасаған «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тулегенов Руслан «Жылдың үздік ұйымы» аталымын иеленді. Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» аталымының сыйлығы «Логитех» ЖШС-нің директоры Антон Скрамовскийге табыстылды. Ол «Қауіпсіз мектеп» пилоттық жобасы бойынша А.Пушкин атындағы № 41 көпсалалық гимназиясына 4 млн 436 мың теңгеге 4 турникет орнатып берген болатын.

Былтыр «Достық» үйінде қала және көрші өңірдің, қазіргі Түркістан облысының кәсіпкерлерінің қатысуымен «Тараздың түрленуі» атты іскерлік-әріптестік форум өткені белгілі. Ауқымды жобалар аясында мәдени-іскерлік орталық пен «Шахристан» Көне Тараз, Тектұрмас кешендерінің таныстырылымы өтіп, коммерциялық нысандардың құрылысын жүргізуге ниет білдірген кәсіпкерлер 800 000000 теңгеге меморандумына қол қойды. Рсы және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарды жұртқа жеткізу үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша ақпараттық саясатты іске асыру бағытында қалалық «Jambyl Taraz» газетінде бағдарламалық мақаланы ілгерілету тармақтары қосылған.

Атап айтқанда, қалалық «Jambyl Taraz» газетінде «Рухани жаңғыру», «Жаңғыру», «100 жаңа есім», «Атамекен», «Руханият», «QAZAQ TILI», «100 KITAP», «100 новых лиц Казахстана» атты арнайы айдарлар ашылып, 271 мақала жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде (1 785 714) Жамбыл облыстық мәдени-танымдық «Білім және Өнер» журналына « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында саралаған сараптамалық материалдар, ой-пікірлер мен журналистік зерттеулер, ақпараттық материалдар жарияланды. Ақпараттық агенттіктерде («AQ JOL AQPARAT», «77 News», «ZhambylNews», «Turaninfo.kz», «ec-sport.kz») 125 тақырыптық мақала, әлеуметтік желілерде («Facebook», «vkontakte», «instagram» және т.б.) 126 материал орналастырылды.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Facebook» әлеуметтік желісінде «Рухани жаңғыру Тараз қаласы» атты арнайы парақша ашылып (5000-ға жуық адам жазылған), 80 жазба салынды. Облыстық «JAMBYL» және «77 TV» телеарналарының «Жаңалықтар» бағдарламасынан 259 сюжет («Жаңа әліпби жаңғыру негізі», «Тарихи мекен туристік кешенге айналады», «100 жаңа есімге» лайықты жанмен жүздесу», «Туған жерге туыңды тік!», «Рухани жаңғыру ұрпақтар сабақтастығы», «Рухани жаңғыру ұлт болашағы» және т.б тақырыптармен) көрсетілді.

Ал қала әкімдігінің (taraz-gov.kz) ресми сайтында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (екі тілде) мен логотипі орналастырылып, 54 материал жарияланды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде блогерлердің жұмысын жүргізуге қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, электронды конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталған соң тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Қайрат Досаев,

Тараз қаласының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.