Ең табысты жандар демалыста не істейді?

0 0

Демалыс күнін табысты адамдар өз пайдасына жарата алады екен. Ол қалай? 

Ерте тұру. Табысты жандар кереуетте ұзақ уақыт жатпайды. Олар күн сайын таңғы 4:30-да тұруды әдетке айналдырған. Біздің миымыз оянған соң 2,5-4 сағат көлемінде өнімді жұмыс істейді. Демалыста таңда тұруды сіз де әдетке айналдырыңыз.

Күнді жоспарлау. Демалыс күні де қай сағатта не істейтінін жоспарлайтын жандар сәттілікке жетеді. Жоспардың арасына кітаптың 20 парағын оқу да кіреді.

Бір істі мұқият істеу. Ірі кәсіпкерлер бір уақытта бірнеше істі жасауға қарсы. Өйткені олар нақты бір істі басынан-аяғына дейін жасағанды құп көреді.  Белсенді болу. Күн сайын дене қимылын жасап, 1 сағат жүгіру не спортпен шұғылдану сіздің белсенді болып жүруіңізге көмектеседі.

Сүйікті іс ойлап табу. Табысты адамдарға жұрт қызығады. Өйткені олар адамдарды қызықтыра алады. Іш пыстыратын адам болмау үшін сіз де демалыста хоббиіңізбен айналыса аласыз.

Терең ойлануға уақыт бөлу. Тек демалыста емес, күн сайын ойлануыңыз керек. Бірақ демалыс күндері өткен мен бүгінді асықпай сараптауға болады.

Біреуге көмектесу. Демалыста жұмыстан босайтын болғандықтан көмекке мұқтаж жанға көмектесіп үлкен сауап жинай аласыз.

Келер аптаға тыңғылықты дайындалу. Үлкен бизнес иелері сенбі-жексенбіде жаяу серуендеп алдыңғы аптаға ойша дайындалатындарын айтқан. «Сіз дүйсенбі күні жасындай жарқылдап, жұртты таңғалдыруыңыз керек», – дейді олар.

 Дереккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.