Таразда волейболдан облыстық турнир өтті

0 6

«Тараз-Арена» спорт сарайында Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасындағы волейболдан облыстық турнирі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жарысқа Тараз қаласы мен аудан әкімдіктіктерінен жасақталған 11 құрама командадан 110 мемлекеттік қызметші қатысты.

Аталған жарысты ұйымдастырып өткізуге басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлесе жүзеге асырды.

Турнир мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, қызметкерлер арасында достық қатынасты орнату, мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру. Сондай-ақ, ү.ж. маусым айында Павлодар қаласында өтетін әкімшілік мемлекеттік қызметшілер ерлер арасындағы волейболдан республикалық турнирге іріктеу болып табылады.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды – Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің құрама командасы иеленсе,  ІІ орын — Жуалы ауданы әкімдігінің құрама командасына бұйырып,  ал ІІІ орынды — Байзақ ауданы әкімдігінің құрама командасы місе тұтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.