Таразда кәсіпкер әйелдерге арналған тегін шеберлік сабағы өтеді

0 3

Тараз қаласында 3-14  маусым аралығында «Ауылдық жерлердегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» кәсіпкер әйелдерге арналған семинар өтеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  atameken.kz-ке сілтеме жасап.

Бизнес-тренерлер ретінде іс-шараға Қызылорда облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, сондай-ақ «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Микро-қаржы ұйымы» ЖШС және екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысады.

Бизнесті қаржы және қаржылай емес қолдау шаралары, кәсіпкерлік негіздері, жеке брендті ілгерілету стратегиясы – шеберлік сабақтың негізгі тақырыптары болады, сонымен қатар бизнес-жоспарды және нақты кейстерді құру бойынша жаттығулар беріледі.

 «Ауылдық жерлердегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» шеберлік сабағы 13-14 маусым аралығында Тараз қаласы, Төле би даңғылы, «Жамбыл» қонақүйінде өтеді. Семинар бағдарламасымен мында танысуға болады.

 Естеріңізге салсақ, «Атамекен» еліміздің 15 өңірінде Азия даму банкінің қолдауымен тегін оқу семинарларын өткізеді.

 Курс бағдарламасына екінші деңгейлі банктер және микро қаржы ұйымдары – Азия даму институты/ Даму бағдарламасына қатысушыларының таныстырылымдары (критерийлер, несиелеу бойынша шарттар мен талаптар)  енген. Сонымен қатар қаржылық есептілікті қалыптастыру және жүргізу, бизнесті бастауға қажетті заңгерлік мәселелерді түсіну, қолжетімді несиелерді алуға құжаттарды дұрыс жинақтау және ұсыну жолдарына басымдық жасалмақ.

Семинарларға жұмыс істеп жатқан және ауыл-аймақта тіркелген кәсіпкер әйелдер, сонымен қатар «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан өткен, түрлі себептермен қаржыландыру алмаған жеке тұлғалар (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) қатыса алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.