Ауылдағы әйел кәсіпкерлер тегін білім ала алады — Тараз

0 0

Тараз қаласында ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған семинар өтеді, —   деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

3-14  маусым аралығына жоспарланған семинарға жұмыс істеп жатқан және ауылды аймақтарда тіркелген кәсіпкер әйелдер, сонымен қатар «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан өткен, түрлі себептермен қаржыландыру алмаған жеке тұлғалар (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) қатыса алады.

Бизнес-тренерлер ретінде іс-шараға Қызылорда облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, сондай-ақ «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Микро-қаржы ұйымы» ЖШС және екінші деңгейлі банктердің өкілдері шақыртылған.

Бизнесті қаржы және қаржылай емес қолдау шаралары, кәсіпкерлік негіздері, жеке брендті ілгерілету стратегиясы — шеберлік сабақтарының негізгі тақырыптары болмақ. Сонымен қатар, бизнес-жоспарды және нақты кейстерді құру бойынша жаттығулар беріледі. Сонымен қатар, қаржылық есептілікті қалыптастыру және жүргізу, бизнесті бастауға қажетті заңгерлік мәселелерді түсіну, қолжетімді несиелерді алуға құжаттарды дұрыс жинақтау және ұсыну жолдарына басымдық жасалмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.