Жамбыл облысы әкімдігінің «Өңірлік коммуникациялар қызметі» 46 негізгі бағыт бойынша мониторинг жүргізеді

0 13

Жамбыл облысы әкімдігінің «Өңірлік коммуникациялар қызметі» 46 негізгі бағыт бойынша мониторинг жүргізеді. Бұл туралы бүгін аталған мекеменің басшысы Айбол Қарашев мәлімдеді, — деп xабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Айбол Бақытжанұлының айтуынша, мекеме күн сайын электронды және баспа, интернет-сайттар мен порталдар жалпы  бұқаралық ақпарат құралдарында өңірлік бағдарламалардың іске асырылу барысының тұрақты жарияланып отыруын қамтамасыз етеді.

Жыл басынан бері «Өңірлік коммункациялар қызметінің» алаңында БАҚ өкілдерімен 85 баспасөз конференция өткізіліп, онда 165 спикер баяндама жасады. Жоспарға сай 42, жоспардан тыс 43 жиын ұйымдастырылған.

Бүгінде облыстың имиджін көтеру мақсатында әлеуметтік желіде әр түрлі тақырыптағы ақпараттық бейнеролик пен инфографикалар жариялануда.

Сондай-ақ, баспасөз конференциялардың барлығы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» фейсбук, вконтакте, инстаграм секілді әлеуметтік желі парақшаларында сан алуан түрлі тақырыптарда бірнеше материалдар жарияланып, тікелей эфирде көрсетілуде.

Тағы бір жаңалық. 2019 жылдың 17 қаңтарында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековпен жыл соңына дейін жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының қатысуымен 134 баспасөз конференцияларын өткізу кестесі  бекітілген болатын.

Айта кетейік, қазіргі таңда аталмыш мекеме 19 штаттық бірліктен 3 бөлім жұмыс жасайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.