Сарысуда «Болашаққа бағдар» кеңес беру алаңы өз жалғасын тапты

0 0

Бүгін облыс деңгейінде қолға алынған аудан жастарын ақпараттандыруға бағытталған «Болашаққа бағдар»атты көшпелі кеңес беру алаңы Сарысу ауданында жалғасын тапты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кеңес беру алаңына облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік, білім, дін істері басқармалары, жұмыспен қамтуды үйлестіру, Жоғары және арнаулы оқу орындары, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және «Жас Отан» жастар қанатының тиісті сала өкілдері қатысты.

Бұл шараның басты мақсаты — аудан тұрғындарының түрлі мәселелерін шешу және нақты ақпараттандыру.

Көшпелі кеңес беру алаңында аудандық мәслихат хатшысы С.Бегеев, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қайрат Меклисов, облыстық жастар басқармасының басшысы Мәди Мәтен қатысып,кездесу мәнін ашып айтып өтті.

Әр сала мамандарынан жиналғандар сұрақтарын қойып, кеңестер алды. Кездесу аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.