Еліміздің кей аймақтарында жел күшейіп шаңды дауыл күтіледі

0 4

Республиканың кей аймақтарында найзағай, жел күшейеді, шаңды дауыл, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте кей жерлерде тұман күтіледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

Cолтүстікте кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

«Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Ал  Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.», — дейді мамандар.

Алматы, Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз дауыл күтіледі.

Айтуларынша, Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 екпіні 23 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі. Атырау, Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

«Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық болады деп күтілуде. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады», — делінген хабарламада.                                                                                                                              

Leave A Reply

Your email address will not be published.