Жүзуден тараздық спортшылар жүлдемен оралды

0 1

Жүзуден есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы ҚР чемпионатында Тараз қаласының спортшылары жеңіспен оралды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ақтөбе қаласында өткен чемпионатқа Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Ақмола және Павлодар облыстарынан 67 спортшы қатысты.

Ал Жамбыл облысынан барған Орынбасар Адай 100 м. еркін жүзуден І орын алып, 200 м. еркін жүзуден ІІІ орынға ие болды. Руслан Райымбеков 100 м. және 50 м. арқамен жүзу кезеңінде ІІІ орынды алды. Софья Закутняя 200 м. кешенді жүзу бойынша І орынға 100 м. еркін жүзу бойынша І орынға және 200 м. еркін жүзу кезеңінде ІІ орынға ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.