2020 жылы Қазақстанда әскери-спорттық ойындары өтеді

0
10

Ресей Федерациясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев бастаған делегация қатысты.

Кездесу барысында қорғаныс ведомстволары 2019 жылы ТМД аясындағы бірлескен іс-қимылдар, оның ішінде «Жауынгерлік Достастық-2019» бірлескен әскери-жаттығу өткізу туралы пікір алмасты. Бұл жаттығу ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің жауынгерлік үйлестіру деңгейін арттыруға және әскери іс-қимылдарды жүргізудегі практикалық өзара іс-қимылына бағытталатын болады.

Сондай-ақ, отырыста Қазақстан аумағында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттер достастық армиясының 3-ші әскери-спорттық ойындарын өткізуді қамтитын 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің пікір алмасуы аясында ТМД-ға мүше мемлекеттердің әскери саладағы өзара іс-қимылы сенім шараларын күшейтуге, Қарулы Күштерді дамытуға, ұлттық және бірлескен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық қатынастардың маңызды элементі болып табылатынын атап өтті.

Дереккөз: baq.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here