Жуалы ауданында жыл басынан 108 бас ірі қара малы шет елден сатып алынды

0 4

Жуалы ауданында жыл басынан 108 бас ірі қара малы шет елден сатып алынды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифингте Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Нарбай Әбілқасымұлының мәліметінше, облыс әкімі бекіткен алгоритмге сәйкес, ауданда нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

Атап айтар болсақ, бүгінгі күнге өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласымен 2 рет, білім саласы мен 1 денсаулық сақтау саласымен 1 рет жалпы 4 рет кездесулер өткізіліп, 34 мәселе көтерілді, көтерілген сұрақтарының бүгінгі күнге 16 мәселе шешімін тауып, бақылауға алынған.

Сондай-ақ, өңірде қызылша егу барысы берілген меже бойынша орындалды.

Ал Күреңбел, Ертай, Жаңаталап ауылдарындағы коператив мүшелері 89 млн.теңге көлемінде мал сатып алып, аталған ауылдарға танкер алу мәселесі алдағы уақытта жоспарланып, шаруаларға түсіндірілді.

Тағы бір жаңалық. Ағымдағы жылы өндірістік кооперативтерден сүт жинау жұмыстары ұйымдастырылып, жыл басынан бүгінгі күнге дейін 2700 тонна сүт өңдеу кәсіпорындарына өткізілді.

Айта кетейік, қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін ауданда 232 млн. теңгеге 39 жаңа техникалар алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.