«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы

0 0

«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы

1. «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет түрін алу үшін қызмет алушы «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының аумақтық бөлімшелеріне қайырылады (әрі қарай- Мемлекеттік корпорация) және белгіленген нысанға сәйкес өтініш береді. Мемлекеттік қызмет беруші — Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

2. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

1) өмірбаян (еркін нысанда);

2) өтініш берушіге, сондай-ақ отбасы мүшелеріне (бар болса) 3×4 сантиметр екі фотосурет;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасымен өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ӨМ-нің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) бекітілген Оралман мәртебесін беру қағидаларының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарға өтініш берушінің сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаян мен фотосуреттерді қоспағанда) көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

3. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қабылданған құжаттар тізімін қызмет берушіге жолдайды.

4. Қызмет беруші келіп түскен құжаттар тізімін қарастырып, 5 жұмыс күні ішінде оралман мәртебесін беру туралы немесе көрсетілген себептермен бас тарту туралы шешім шығарады.

Мемлекеттік қызмет түрі жеке тұлғаларға ақысыз негізде көрсетіледі.

Оралман мәртебесi:

1) оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн;

2) Қазақстан Республиксының 2011 жылғы 22 шілдедегі Халықтың көші-қоны туралы № 477-IV Заңының 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күші жойылған жағдайда;

3) оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады.

2019 жылдың 1 маусымына Жамбыл облысы бойынша 193 отбасыдан тұратын 331 адамға оралман мәртебесі берілді.

Келген Республика бойынша келесідей:

— Қытай Халық Республикасы — 7 отбасы/13 адам,

— Түркменстан Республикасы — 7 отбасы/21 адам,

— Өзбекстан Республикасы — 166 отбасы/281 адам,

— Тәжікстан — 1 отбасы/1 адам,

— Қырғызстан — 10 отбасы/10 адам,

— Ауғанстан — 2 отбасы/5 адам.

Аудан бөлігінде келесідей:

— Тараз қаласы — 58 отбасы/112 адам,

— Байзақ ауданы — 35 отбасы/40 адам,

— Жамбыл ауданы — 8 отбасы/14 адам,

— Жуалы ауданы — 5 отбасы/6 адам,

— Қордай ауданы — 43 отбасы/84 адам,

— Рысқұлов ауданы — 3 отбасы/6 адам,

— Меркі ауданы — 14 отбасы/19 адам,

— Сарысу ауданы — 1 отбасы/1 адам,

— Талас ауданы — 18 отбасы/33 адам,

— Шу ауданы — 8 отбасы/16 адам.

Әлімбекова Айжан Зұлбыхарқызы,

Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

көші-қон бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.