Apple iTunes-тен бас тартты

0
13

Apple жаңартылған OS X 10.15 Catalina деп аталатын жаңа операциялық жүйесін таныстырды.

Жаңартылған операциялық жүйеде 18 жыл бойы “айфонның” ажырамас бөлігі болған iTunes-ке орын табылмады. Оның орнына үш бірдей жаңа қосымша қолданысқа енгізіледі.

ОС Catalina жүйесіне жаңадан Apple Podcasts, Apple Music және Apple TV атты үш қосымша енгізілген. Сондай-ақ енді Apple гаджеттерінің иелері Sidecar қосымшасы арқылы iPad-ты компьютерге қосышма монитор ретінде қолдана алады.

iTunes қосымшасы біраз уақыттан бері Apple гаджеттерінің иелері үшін маңызды болып келген. Оның көмегімен iPhone-ға компьютерден музыкалар, фильмдер, видеолар жүктеуге болатын еді. Бұдан бөлек қосымшада iTunes Store дүкенінен түрлі музыкаларды сатып алуға болатын.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Apple компаниясы Forbes жариялаған ең қымбат брендтер рейтингіде көш бастады. Сарапшылар америкалық корпорацияның құнын 205,5 миллион долларға бағалаған. Бір жыл ішінде бренд бағасы 12%-ға өскен. Сондай-ақ, алғаш рет 200 миллион доллардан асып отыр.

Дереккөз: massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here