Жамбыл облысында «Дала фольклорының антологиясы» тақырыбында этнокөрме өткізілді

0 3

Байзақ аудандық әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Нығмет Нұры» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Дала фольклорының антологиясы» тақырыбында этнокөрме өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мақсаты  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын өскелең ұрпаққа қыр – сырын ашып көрсету, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру және елінің мұрасын қастерлеуге тәбиелеу. 

Шара барысында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы бейнефильм көрсетілді. ФШ-18 тобы «Атқа міну мәдениеті», ГД-17 тобы ««Ұлы даладағы Ежелгі Металургия», АС-18 тобы «Қазақстан — Алма мен қызғалдақтың отаны» тақырыптарында өз ойларын айтып, белсенділіктерін танытты.

Шара соңында белсенді қатысқан студенттерге бағалы сыйлықтар табысталды, ұйымдастырушыларға қоғамдық бірлестік тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.