Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-не жаңа басшы тағайындалды

0 14

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің басшысы болып Ихтияр Бахтиярұлы Мурзахметов тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ихтияр Бахтиярұлы 1986 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылында дүниеге келген.

Білімі: 1993-2004 ж.ж. – В.И. Ленин атындағы орта мектебі (Шайқорық ауылы);

2005-2008 ж.ж. – «Парасат» колледжі, мамандығы – заңгер кеңесші; 2016 ж. – Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті — «Экономика және құқық» факультеті;

2010 ж. – Германия мен Қазақстан екі елдің жастар саясатын іске асыру шеңберінде Германия Федеративтік Республикасында экология саласында тәжірибе алмасу және оқу.

2013 ж. – ТМД елдерінің жастар экологиялық мектебі (Баку қ., Азербайджан Республикасы).

Жұмыс өтілі: 2004-2006 ж.ж. – «Жамбыл Жастары» қоғамдық бірлестігі, бағдарламалық қамтамасыз етуді оқыту менеджері;

2004-2006 ж.ж. – «Жамбыл облысы студенттер альянсы» қоғамдық бірлестігі, басшы орынбасары;

2005-2007 ж.ж. – «Жас көшбасшы» пікірталас клубы, басшы;

2006-2008 ж.ж. – «Оңтүстік-Арылу» қоғамдық қоры, атқарушы директоры; 2008-2019 ж.ж. – «Казақстан Ауыл Жастары» қоғамдық бірлестігі, басқарма төрағасы;

2009-2010 ж.ж. – «Жамбыл облысы ауыл жастарының одағы» қоғамдық қоры, директоры;

2010-2016 ж.ж. – «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының Жамбыл облыстық штабы, басшы;

2011-2013 ж.ж. – Жамбыл облысындағы «Айнұр» татар-башқұрт ұлттық-мәдени орталығының жастар қанатының жетекшісі;

2009 ж. бастап – «Green Party» жыл сайынғы фестивалінің құрылтайшысы;

2010 ж. – Жамбыл облысы бойынша экологиялық мониторинг жөніндегі комиссияның мүшесі;

2008 жылдан 2013 жылға дейін – Жамбыл облысында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастырушы;

2010 ж. – «Жасыл десант» экологиялық экспедициясының мүшесі (Уба өзені); 2013 ж. – Жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік бастамаларды үйлестіру және іске асыру бөлімінің қызметкері;

2013 – 2015 ж.ж. – «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының бірінші орынбасары;

2016 ж. – «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының аймақтық үйлестірушісі;

2017 ж. – Бірінші коррупцияға қарсы медиа-орталығының елшісі;

2019 ж. – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің арнайы мониторинг тобының мүшесі.

2019 жылдың 7 маусымынан Жамбыл облысытық ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің басшысы қызметіне тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.