Жамбыл облыстық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары тағайындалды

0 17

Жамбыл облысы әкімінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары болып Бауыржан Үдергенов тағайындалды. Бұл туралы департаменттің басшысы Арман Оразалиев өз Facebook парақшасында хабарлады, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Бауыржан Арынұлы – Жамбыл облысының тумасы, полициядағы қызметін 18 жыл бұрын бастаған полиция подполковнигі қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция басқармасы және көші-қон қызметінің жұмысына жетекшілік ететін болады.

Сондай-ақ, Арман Молдиярұлы өз сөзінде орынбасарына сәттілік тілеп, ел игілігі жолында табысты қызмет атқаруын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.